
Атырау университетінің оқытушысы республикалық велошеруге қатысты
13 қыркүйек күні Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет республикалық ауқымдағы спорттық-туристік шара – Tour de Saraishyq 2025 велошеруі өтті.
Бұл велошеруге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының сеньор-лекторы Қазиев Асқар да қатысып, жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.
80 шақырымдық бағыт Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық аумағынан басталып, Атырау қаласының орталығына дейін жалғасты. Қатысушылар қала ішіндегі негізгі көшелер мен көрнекті нысандар арқылы жүріп өтті. Велошерудің басты ерекшелігі – Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи жол бойымен ұйымдастырылуы.
Ауқымды шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен және шет елдерден келген 117 қатысушы қатысты. Олардың қатарында әуесқой спортшылар, туристер мен халықаралық қонақтар болды.
Жарыс соңында барлық қатысушыларға арнайы естелік медальдар табысталды.
