Media Image

3 шілде 2025

Магистранттар қос диплом алды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде алғаш рет қос диплом бағдарламасымен оқыған магистранттарға диплом табысталды.

Мерекелік рәсімге университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, түлектер мен ата-аналар қатысты.

Қос диплом білім беру бағдарламасы – Қазақстандық жоғары білімді халықаралық кеңістікте интеграцияланудың басым бағыттарының бірі. Атырау университеті студенттердің білім деңгейін көтеру мақсатында еліміздің, сонымен қатар алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен ғылыми және оқу-әдістемелік қарым-қатынастар орнатқан.

Көптілді білім беру факультеттің филология білім бағдарламасының магистрлері Құралай Қуатова және Ләззат Әлімова Атырау университеті мен Нигде Омер Халисдемир университеті арасындағы келісім бойынша екі жылдық оқу маусымын алма кезек оқып тәмамдап, қос дипломға ие болды.

Қос дипломға ие болған магистранттарды шын жүректен құттықтаймыз! Ел әлеуетін көтеріп, кәсіби жоғары деңгейлі маман ретінде өңір дамуына үлес қосуларыңызға тілектеспіз.