Media Image

3 шілде 2025

Қазақстанның Еңбек Ері түлектерге диплом табыстады

Қазақстанның Еңбек Ері, меценат, университеттің Құрметті профессоры Владимир Розметов оқу ордасын үздік аяқтаған көптілді білім беру факультетінің түлектеріне диплом табыстады.

Салтанатты іс-шарада меценат Владимир Розметов түлектерді диплом алу сәтімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Құрметті жас мамандар! Сіздерді диплом алу сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Жоғары дәрежелі кәсіби маман болып, декан, ректор сияқты үлкен оқу ордаларын басқаратын жауапты қызметте еңбек етулеріңізге тілектеспін. Түрлі саланың шыңына шығып, жетістікке жетіңіздер дегім келеді. Ақ жол!», - деді меценат.

Сонымен қатар мерекелік рәсімде "Наурыз" әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, университеттің Құрметті профессоры Эльдар Ахмедов, Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов, №19 мектеп-гимназиясының директоры Ақылбек Мырзағалиев және ардагер-ұстаз Қорлағайын Дүсіпова жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, дипломдар табыстады.

Түлектер үшін бұл күн – олардың жаңа өмірге жасаған алғашқы қадамы. Барлық түлектерге ақ жол, биік белес, табысты болашақ тілейміз!

file