Media Image

30 маусым 2025

Университет Генетика және физиология институтымен ынтымақтастық орнатты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Генетика және физиология институты» директоры Асқар Калекешов пен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық құжаты ғылым мен білім беру саласындағы өзара байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Аталған меморандумның негізгі мақсаты — биология бағытындағы білім беру бағдарламалары аясында ғылымды дамыту, заманауи талаптарға сай бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми кадрлар даярлау, сондай-ақ инновациялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру.