
Түлектерге арналған Upgrade курсы сәтті аяқталды
20 маусымда «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеудің әдістемесі» тақырыбындағы Upgrade біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.
10 күнге созылған оқу барысында тыңдаушылар:
инклюзивті білім берудің құқықтық және әдістемелік негіздерін;
ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың заманауи тәсілдерін;
педагогикалық және психологиялық сүйемелдеудің тиімді жолдарын меңгерді.
Курс дәріскерлері – тәжірибелі профессорлар, магистрлер мен практик мамандар – теорияны тәжірибемен ұштастыра отырып, мазмұнды дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізді.
Курс соңында тыңдаушылар өз тәжірибелеріне қалай ықпалдастыратыны жөнінде жоба қорғады.
Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі Гүлжан Жаманбайқызы курс жұмысын қорытындылып, кері байланыс берді. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Барлық тыңдаушыларға білімге деген құштарлықтары мен белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!
Іс-тәжірибелеріңізге сәттілік тілейміз!