Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «GREEN CAMPUS» экофестивалі мазмұнды іс-шаралармен жалғасын тапты.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұйымдастыруымен «Білім • Шығармашылық • Тәжірибе» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Экология және химия білім беру бағдарламаларының студенттері қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға бағытталған ғылыми және шығармашылық жобаларын таныстырып, тәжірибелік жұмыстарын ұсынды. Шеберлік сағаты жастардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын оятып, экологиялық сауаттылығы мен практикалық дағдыларын арттыруға мүмкіндік берді.
Фестивальдің қорытынды бағдарламасын Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті ұйымдастырып, «ONE PLANET — ONE FUTURE» атты шығармашылық кеш өткізді. Бағдарлама барысында Атырау өңірінің экологиялық ахуалы, Жайық өзенінің тағдыры, сондай-ақ адам мен табиғат арасындағы байланыс музыкалық, хореографиялық және сахналық қойылымдар арқылы әсерлі көрініс тапты.
«GREEN CAMPUS» фестивалінің қорытындысы бойынша белсенділік танытып, экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосқан факультеттер алғыс хаттармен марапатталды.