Медиа ресурстар
ЭКОФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ЭКОФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғат алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған GREEN CAMPUS экофестивалі өтті.
Экофестиваль аясында Экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен GREEN QUIZ интеллектуалдық ойыны өткізілді. Сайыс барысында факультет командалары экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бағыттары бойынша білімдерін сынап, тапқырлықтары мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті.
Тартысты ойынның нәтижесінде:
 I орын – Көптілді білім беру факультеті;
 II орын – Экономика және құқық факультеті
 III орын – Инновациялық білім беру факультеті.
Іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуына және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.