Медиа ресурстар
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Жаңалықтар

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті. Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Шыңғыс Нұржанұлы Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында білім беру үдерісіндегі адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарының маңызы айтылды. Қатысушыларға Академиялық адалдық кодексінің талаптары, емтихан кезінде белгіленген тәртіпті сақтау, тапсырмаларды өз бетінше орындау және өзгенің еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу жөнінде нақты ақпарат берілді
Сондай-ақ студенттердің құқықтары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлық белгілері байқалған жағдайда әрекет ету тәртібі және университеттегі кері байланыс арналары таныстырылды. Білім алушылардың туындаған мәселе бойынша жауапты бөлімдерге хабарласып, тиісті көмек ала алатыны түсіндірілді.
Шыңғыс Нұржанұлы академиялық адалдық тек талаптар жиынтығы емес, сапалы білім мен кәсіби дамудың негізі екенін атап өтті. Университетте сенімге негізделген ашық орта қалыптастыру әрбір студент пен оқытушының жауапкершілігі екеніне назар аударылды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде пікір алмасты.