Медиа ресурстар
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ
Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов белсенді студенттермен кездесті.
Кездесудің мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған білім мен ғылымды дамытуға қатысты басым бағыттарды талқылау, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және ел болашағына байланысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу.
Жиын барысында ректор Саламат Идрисов Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі міндеттерге тоқталып, жастарға оның маңызын түсіндірді. Сонымен қатар жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, білім мен ғылымды өркендету және озық инновацияларды қолдау мәселелері сөз болды. Ректор қазіргі заманның басты қозғаушы күші – сапалы білім, ғылым және жаңашылдық екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Белсенді студенттер Президент Жолдауына қатысты сауалдарын қойып, университеттің білім беру ортасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары мен тың бастамаларын ортаға салды. Жастардың идеялары мен пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар берілді.
Білімді ұрпақ – ел болашағы. Жастардың тың идеялары, белсенділігі мен жарқын бастамалары – Қазақстанның тұрақты дамуының берік негізі. Осындай кездесулер студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, еркін ой бөлісуіне және университет дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.