12 қазан күні «Кәсіпорын экономикасы» пәні аясында «Қазіргі экономикадағы әлеуметтік бизнес: кәсіпкер тәжірибесі және кәсіпорынды басқарудың практикалық құралдары» тақырыбында танымдық қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Спикер: Әлеуметтік нысандар мен инновациялар қорының директоры Горбачева Ирина Олеговна.
📌 Ұйымдастырушы: Сеньор-лектор, магистр Тажиденова А.Р. (Экономика және менеджмент кафедрасы).
Дәріс барысында студенттер: • Әлеуметтік миссия мен экономикалық тиімділікті сақтай отырып, бизнесті қалай дамытуға болатынын білді; • Кәсіпорынды басқарудың нақты кейстерімен және практикалық құралдарымен танысты.
Спикерге бағалы тәжірибесі үшін, ал студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз! 💡
#АтырауУниверситеті #ҚонақДәрісі #ӘлеуметтікБизнес #Экономика #Кәсіпкерлік #Басқару #Атырау