Медиа ресурстар
«СЕНАТОР» ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫ — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Жаңалықтар

«СЕНАТОР» ПІКІРСАЙЫС КЛУБЫ — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Сенатор» пікірсайыс клубының мүшелері Нұрай Жолмұханбетова мен Жұлдызай Рахметқызы «Озық ойлы ұлт: құқық, білім және технология» республикалық турнирінде II орын иеленді.

17–18 қазан күндері Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен зияткерлік сайысқа еліміздің 14 облысындағы 19 жоғары оқу орнынан 140-тан астам жас қатысып, 72 фракция бақ сынады. Қатысушылар жасанды интеллект, білім беру, технологиялық даму және қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір таластырды.

Екі күнге созылған тартысты сайыста «Сенатор» өкілдері білімін, ой ұшқырлығын және пікірін дәлелмен жеткізу шеберлігін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Университет мерейін асырған Нұрай мен Жұлдызайды жеңістерімен құттықтаймыз! «Сенатор» пікірсайыс клубына жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!