Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов Оман Сұлтанатындағы Шарқия университетінің профессоры, Education докторы Сауд Сайф Әл-Бусайдиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту және оқытушылар арасында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Сауд Сайф Әл-Бусайди – жоғары білім беруді интернационалдандыру, білім сапасы және аккредиттеу, жаһандану және TESOL бағыттарын зерттеп жүрген ғалым. Ол Ұлыбританиядағы Бристоль университетінде Education докторы дәрежесін, Хаддерсфилд университетінде TESOL мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Ғалымның халықаралық ғылыми журналдар мен беделді баспаларда оннан астам еңбегі жарияланған.
Шетелдік ғалым 17–30 қазан аралығында Атырау университетінің Көптілді білім беру факультетінде болып, білім алушылар мен оқытушыларға дәрістер өткізіп, ғылыми-әдістемелік тәжірибесімен бөліседі.
Кездесу соңында университет басшысы Сауд Сайф Әл-Бусайдиге алғыс білдіріп, оның сапары екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті.