2026 жылдың 14 қазанында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорт кешенінде Инновациялық білім беру факультеті Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Баскетбол, волейбол және дзюдо спорт түрлері» атты мастер-классқа Баскетболдан ҚР Спорт шебері, ҚР жастар арасында 2 дүркін чемпионы, Абай орталығы спорт мектебінің бапкері Сұлтанов Ильястың «Баскетбол ойыны техникасының негіздері» тақырыбына шебер сағаты өтілді.
Шеберлік сағатында баскетбол – екі команда арасында ойналатын, жылдамдықты, ептілікті, күшті, төзімділікті және ойлау қабілетін талап ететін спорттық ойын және ойынның негізгі мақсаты – допты қарсылас команданың себетіне дәл түсіру және өз себетіне доп салдырмауы керек екендігі айтылды. Баскетбол ойынында жеңіске жету үшін ойыншылардың техникалық және тактикалық дайындығы жоғары болуы қажет. Ал, баскетбол техникасы дегеніміз – ойын барысында қолданылатын қозғалыстар мен әрекеттердің тиімді орындалу тәсілдерінің жиынтығы және техникалық әдістерді дұрыс меңгеру ойыншының алаңда еркін қозғалуына, допты сенімді басқаруына және командалық әрекеттерді нәтижелі орындауына мүмкіндік беретіндігі көрсетілді.
Мақсаты – баскетбол ойынының негізгі техникалық әдістерімен таныстыру, допты меңгеру, алып жүру, беру, себетке лақтыру және қорғаныс әрекеттерін орындау дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, баскетбол ойынының негізгі техникалық әдістерімен таныстырылып, шабуыл техникасына допты алып жүру, допты беру және қабылдау, себетке лақтыру, алдау қимылдары мен орын ауыстыру жататындығы көрсетілді.