Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті «Экономика және менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Лиза Бақтығалиқызы Избасарованың ұйымдастырумен 2026 жылдың 9 қазан айында «Экономика-301», «Маркетинг-301», «БП есебі және аудиті – 301», «Қаржы және аналитика – 301» топтарына «Бәсекелестерді талдау және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың нарықтық бәсекені талдау, бәсекелік артықшылықтарды анықтау және стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында топтық жұмыс, пікірталас және кейс-тапсырмалар тиімді үйлестіріліп, білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берілді. Білім алушылар тарапынан белсенділік танытылды, олар өз көзқарастарын дәлелдеп, ұсынылған жағдаяттарды талқылауға және шешімдер әзірлеуге қатысты.
Оқытушы сабақтың мазмұнын жүйелі ұйымдастырып, интерактивті әдістерді ұтымды қолдану арқылы студенттердің өзара ынтымақтастығы мен сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Ашық сабақ тәжірибеге бағытталған оқыту әдістерінің тиімділігін көрсетіп, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және алған білімдерін нақты жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды оқу іс-шарасы болды.