Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Аманжол Асман Польша астанасы Варшава қаласында Швейцарияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында өтіп жатқан Адам өлшемі жөніндегі Варшава конференциясына (Warsaw Human Dimension Conference 2026) қатысып жатыр. Конференция ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ODIHR) ұйымдастыруымен өтуде.
Бұл — ЕҚЫҰ кеңістігіндегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау, демократиялық институттарды дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық қоғамның рөлін талқылайтын маңызды халықаралық алаң. Конференцияға әртүрлі мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдар, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.