Медиа ресурстар
МИНИСТР КЕҢЕСШІСІ ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жаңалықтар

МИНИСТР КЕҢЕСШІСІ ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларымен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген зертханалардың жұмысымен танысты.

Университет ғалымдарымен кездесіп, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және зерттеу жұмыстарының сапасы мен нәтижелілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, университеттің ғылыми әлеуетін нығайту мен зерттеу инфрақұрылымын жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Министрлік тарапынан өңірлік жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын жеткізді.