Медиа ресурстар
СТУДЕНТТЕР ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БӘСЕКЕДЕ БІЛІМДЕРІН СЫНАДЫ
Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БӘСЕКЕДЕ БІЛІМДЕРІН СЫНАДЫ

Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті мен «Көшбасшы» интеллектуалды студенттік клубының ұйымдастыруымен факультетаралық «Кім? Не? Қайда?» интеллектуалды сайысы өтті.

Зияткерлік бәсеке барысында факультет командалары білімдерін, тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттері мен жылдам шешім қабылдау дағдыларын сынады. Қызықты сұрақтар мен тартысты кезеңдер сайысқа ерекше серпін беріп, қатысушылардың бойында жеңіске деген жігер мен бәсекелестік рухын оятты.

 Сайыс қорытындысы бойынша:
 I орын — «No Limits» командасы
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультет.
 II орын — «Жеті қарақшы» командасы
Экономика және құқық факультеті

 III орын — «Гуманитарлық факультет» командасы
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті

 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері, білімге деген құштарлығы мен ерекше ойын атмосферасын қалыптастырғандары үшін алғыс білдіреміз!

Білімді ұрпақ — жарқын болашақтың кепілі!