Медиа ресурстар
«ҰСТАЗ» МЕКТЕБІНЕ – 5 ЖЫЛ
Жаңалықтар

«ҰСТАЗ» МЕКТЕБІНЕ – 5 ЖЫЛ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Ұстаз» мектеп-интернатының бес жылдығына арналған «Ұстаз мектебі: дәстүрмен – жаңашылдыққа, біліммен – болашаққа» атты облыстық ер мұғалімдер форумының қорытынды кеші өтті.

Университет Басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлының бастамасымен ашылған мектеп ауылдың дарынды балаларын қолдап, ұстаздыққа баулып келеді. Мектеп шәкірттері облыстық және республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда жүлде алып жүр. Биыл 24 түлек педагогикалық мамандықтар бойынша білім грантын жеңіп алды. Биылғы түлектердің екеуі – «Алтын белгі», төртеуі – үздік аттестат иегері.

Кеште мектептің қалыптасуы мен дамуына еңбек сіңірген ұстаздарға облыстық мекемелер мен Атырау университетінің құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Форумға қатысқан қала мен аудан командалары да марапатталды.