Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде бейімделу апталығы аясында Академиялық адалдық лигасы бойынша студенттер мен оқытушылар құрамына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Шыңғыс Нұржанұлы және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор Ляйля Ерболатқызы академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпарат берді.
Іс-шара барысында студенттерге «Академиялық адалдық кодексі» таныстырылып, жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбиенің кешенді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ адал еңбектің құндылығын дәріптеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.