Медиа ресурстар
ОМБУДСМЕННІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

ОМБУДСМЕННІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Б.Б.Мамраевтың тапсырмасы бойынша корпоративтік хатшы Омбудсменнің тағайындалуына орай Директорлар кеңесіне есеп беретін бөлімшелердің кездесуін өткізді.

Шараның негізгі мақсаты — корпоративтік мәдениетті нығайту, өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылау болды. Кездесуге қатысушылар бірлескен жұмыстың басым бағыттарын, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін, сондай-ақ барынша ашықтықты және Қоғамның жоғары этикалық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін процестерді синхрондау жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, корпоративтік басқару мен этика саласында ашық диалогты қолдау, іс-қимылдарды өз уақытында үйлестіру және туындайтын мәселелерді жедел шешу мақсатында мұндай кездесулерді қажеттілігіне қарай өткізіп тұру ұсынылды

Кездесу қорытындысына түсініктеме бере отырып, Корпоративтік хатшы: «Омбудсменді тағайындау және біздің Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтермен бірлескен жұмысымыз — бұл ұжым ішіндегі сенімді нығайтуға әрі одан да толысқан, ашық әрі тиімді корпоративтік басқару жүйесін құруға бағытталған маңызды қадам», — деп атап өтті.