КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Б. Б. Мамраевтың тапсырмасы бойынша корпоративтік хатшы Омбудсменнің тағайындалуына орай Директорлар кеңесіне есеп беретін бөлімшелердің кездесуін өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — корпоративтік мәдениетті нығайту, өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылау болды. Кездесуге қатысушылар бірлескен жұмыстың басым бағыттарын, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін, сондай-ақ барынша ашықтықты және Қоғамның жоғары этикалық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін процестерді синхрондау жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ корпоративтік басқару мен этика саласында ашық диалогты қолдау, іс-қимылдарды өз уақытында үйлестіру және туындайтын мәселелерді жедел шешу мақсатында мұндай кездесулерді қажеттілігіне қарай өткізіп тұру ұсынылды
Кездесу қорытындысына түсініктеме бере отырып, Корпоративтік хатшы: «Омбудсменді тағайындау және біздің Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтермен бірлескен жұмысымыз — бұл ұжым ішіндегі сенімді нығайтуға әрі одан да толысқан, ашық әрі тиімді корпоративтік басқару жүйесін құруға бағытталған маңызды қадам», — деп атап өтті.»