Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенті, спортшы Альфия Тлекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.
Пара дзюдодан әлем чемпионаты Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатыр. Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Альфия Тлекқабыл финалдық белдесуде бразилиялық спортшы Де Андрадені жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Әлем чемпионы Альфия Тлекқабыл – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің студенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның жаттықтырушысы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жандос Қиянов. Ол – спортшыны талай мәрте биік жетістіктерге жетелеген білікті бапкер.
Әлемдік додада Ел намысын қорғаған спортшы-студент Альфия Тлекқабылды және жаттықтырушысы Жандос Қияновты айтулы жеңісімен Атырау университетінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!