Көптілді білім беру факультеті, Орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Джумагалиева Узима Зинешқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) диссертациясын сәтті қорғады!
Узима Зинешқызының ғылыми еңбегі мен табандылығы өз жемісін берді. Бұл жетістік – тек жеке жеңіс қана емес, бүкіл факультетіміз үшін мақтаныш, студенттеріміз бен жас зерттеушілерімізге үлкен мотивация.
Ғылыми жұмысыңыз орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің дамуына үлес қосып, білім беру саласына жаңа серпін берді деп сенеміз.
Құрметті Узима Зинешқызы! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, ғылымдағы жаңа белестер мен шәкірт тәрбиелеуде шексіз табыс тілейміз. PhD дәрежеңіз құтты болсын!