Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Жас ғалымдар кеңесінің 2026–2027 оқу жылына арналған алғашқы отырысы өтті.
Кестің жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттар айқындалып, Жас ғалымдар кеңесінің алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Кеңес мүшелері ғылымды дамытуға, жас зерттеушілердің бастамаларын қолдауға және олардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.
Күн тәртібінде:
1. 2026–2027 оқу жылына арналған жас ғалымдар тізімін бекіту;
2. Жас ғалымдар кеңесінің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау;
3. PhD Mentor жобасын жүзеге асыру мәселелері;
4. «Пәнаралық зерттеулердегі академиялық адалдық: жас ғалымның жауапкершілігі және заманауи сын-қатерлер» тақырыбы аясындағы өзекті мәселелер;
5. Әртүрлі ұйымдастырушылық және ғылыми мәселелер қарастырылды.
Отырыс барысында академиялық адалдық қағидаларын сақтау, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, авторлық жауапкершілік, жасанды интеллект құралдарын ғылыми жұмыста жауапты пайдалану және заманауи ғылымдағы жаңа сын-қатерлер жөнінде пікір алмасу өтті.
Алдағы кезеңде Жас ғалымдар кеңесі жас зерттеушілер арасында ғылыми ынтымақтастықты күшейтуге, жаңа жобаларды қолдауға, тәжірибе алмасуға және университеттің ғылыми ортасын дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.