Медиа ресурстар
АУДАРМА ІСІ – ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК КАПИТАЛДЫ КЕҢЕЙТЕДІ
Жаңалықтар

АУДАРМА ІСІ – ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК КАПИТАЛДЫ КЕҢЕЙТЕДІ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Қазақстан қоғамының лингвистикалық капиталын кеңейтудегі аударма ісінің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Көптілді білім беру факультетінің аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы өткізді.

Алқалы жиында Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисовтың белгілі ұстаз, қауымдастырылған профессор Күләш Байниеваға Атырау университетіндегі білім мен ғылымды дамытуға қосқан еңбегіне ризашылық білдірген құттықтауы табысталып, ғалымға педагогтарға берілетін Ахмет Байтұрсынов атындағы қола медалін табысталды.

Ғылыми-танымдық басқосуда аударма ісінің қазіргі қоғамдағы орны, оның тілдік кеңістікті дамытудағы маңызы және көптілді орта қалыптастырудағы рөлі кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелде Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Күләш Темірғалиқызы Байниеваның аударматану және шетел тілдерін оқыту бағытындағы ғылыми-педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеген баяндамалар да жасалды.

Ғылыми басқосу аударма саласы арқылы қоғамның лингвистикалық капиталын арттыру, тілдер арасындағы кәсіби әрі мәдени байланысты нығайту бағытын көздейді.