Медиа ресурстар
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРЕТІН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ӨТТІ
Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРЕТІН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР ӨТТІ

Студенттердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіретін кураторлық сағаттар өтті

Жаңа оқу жылының басталуына орай Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында кураторлық сағаттар ұйымдастырылды.

Іс-шаралар университеттің барлық факультеттерінде кезең-кезеңімен өткізіліп, академиялық топтарда кураторлардың қатысуымен жүргізілді. Кураторлық сағаттар барысында студенттерге білім алушылардың құқықтары, академиялық адалдық қағидаттары, ішкі тәртіп ережелері, оқу үдерісіндегі жауапкершілік пен міндеттері түсіндірілді.

Кураторлық сағаттарға университет бойынша 3000-ға жуық студент қатысып, құқықтық тұрғыдан жүйелі ақпарат алып, басты міндеттерімен танысты.

🎓 Студенттің өз құқығын толық білуі – жауапкершілікке, міндетін адал орындауы – сапалы білім берудегі басты талаптың бірі.