Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 15 студенті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарына ие болды.
Биыл қоғамдық қор еліміздің 38 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан 220 талапкерге білім беру грантын тағайындады.
«Бағдарлама ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жастардың сапалы жоғары білім алуына тең мүмкіндік беріп, олардың кәсіби қалыптасуы мен әлеуетін дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған. Грант аясында Қор бір академиялық оқу жылына 1 млн теңгеге дейінгі оқу ақысын өтейді, сондай-ақ оқу жылының 10 айы бойы ай сайын 60 мың теңге көлемінде стипендия төлейді», – деп хабарлады Қордың qazaqstanhalqyna.kz ресми сайты.
Аталған гранттық бағдарлама аясында 2022 жылдан бері Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 75 студент білім алып келеді. Олардың алғашқы легі – 12 студент 2026 жылы оқуын сәтті аяқтады.