Медиа ресурстар
Әйел денсаулығы: репродуктивті сауаттылық — бақытты болашақ кепілі
Жаңалықтар

Әйел денсаулығы: репродуктивті сауаттылық — бақытты болашақ кепілі

Әйел денсаулығы: репродуктивті сауаттылық — бақытты болашақ кепілі

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Отбасы күні қарсаңында Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп студенттерге арналған ашық диалог жиынын өткізді.

Кездесуде Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ардақ Жауырова, клиниканың негізін қалаушы, денсаулық сақтау саласының үздігі Назымгүл Меңдешова,   клиниканың акушер-гинекологы Зульфия Шпанова, клиниканың акушер-гинекологы Айгүл Шмалина сынды білікті мамандар 
сөз сөйлеп, әйел ағзасындағы гормондардың түзілуі, олардың ағзадағы маңызды процестерге әсері және гормондық тепе-теңдіктің әйел денсаулығындағы рөлі туралы маңызды мәселелерді кеңінен  түсіндірді. Сонымен қатар клиниканың УДЗ маманы Диляра Мухтарова ультрадыбыстық зерттеудің әйел денсаулығын бақылаудағы маңызына тоқталып, қыз балалар мен әйелдерге профилактикалық тексерулердің қажеттілігі, өз денсаулығына көңіл бөлу және медициналық зерттеулерден өтуге жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы кеңісін берді.

Басқосуда студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.
«Басты мақсатымыз әйел өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – денсаулық туралы ашық сөйлесу үшін бас қостық. Әйел денсаулығы – тек бір адамның мәселесі емес. Бұл – отбасының берекесі, ұрпақтың саулығы, қоғамның тұрақтылығы мен жарқын болашақтың негізі», – дейді Жастар саясаты департаментінің бөлім басшысы Мөлдір Жайлаубайқызы. 

Ұйымдастырушылар жиында белсенділік  танытқан студенттерге клиника тарапынан арнайы сертификаттар табыстады.