Медиа ресурстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ИДЕЯҢДЫ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫР!
Хабарландыру

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ИДЕЯҢДЫ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫР!

Атырау университетінің студенттері мен магистранттарын жоба әзірлеуге арналған практикалық оқу-тренингке қатысуға шақырамыз!

Тренинг Түркия Республикасының Анкара Даму агенттігінің қолдауымен өтетін Түркі дүниесі жастарының «TÜRK FORUM» жобалар байқауына және Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Сенің бастамаң» жастарға арналған волонтерлік жобалар гранттық конкурсына жоба дайындауға бағытталған.

🏆 Қатысушылар үшін мүмкіндік:
— «TÜRK FORUM» жобалар байқауында жеңімпаз атанған команда Анкарада өтетін халықаралық форумға жолдама алады;
— «Сенің бастамаң» жобасы аясында үздік бастамалар қаржылай қолдауға ие болып, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

📌 Тренинг барысында:
— жоба идеясын дұрыс жүйелеу;
— жобаны сауатты жазу ерекшеліктері;
— жобаны постер форматында таныстыру;
— жобаны тиімді қорғау тәсілдері қарастырылады.

👥 Қатысушылар: Атырау университетінің студенттері мен магистранттары.

🎙️ Спикер: жоба менеджері, Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Қарлығаш Аширханова.

📅 17 қыркүйек 2026 жыл
16:00
📍 Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Бас корпус, 431-кабинет

📌 Қатысу үшін Google Forms арқылы тіркеліңіз:
https://forms.gle/KNre82A5DHbLiAuTA

Бір идея — бір мүмкіндік — жаңа жоба. 💙
Өз бастамаңа бүгін қадам жаса! 🚀