Құрметті оқытушы-профессорлар мен студенттер! Сіздерді «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына белсене қатысуға шақырамыз.
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру, шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту мақсатында санаулы күндерден кейін «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жобасы аясында ұлттық марафон басталады.
Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың наурызына дейін жалғасады. Кітап оқитын орта қалыптастырып, зерделі ұлт болуға бірге қадам басайық!
Марафонға тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Тіркелу: https://reading-nation.kz/