Медиа ресурстар
АТЫРАУДА ПАРА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ПАРА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Жайық» мәдени-спорт кешенінде Қазақстан және Жапония пара волейболдан ұлттық құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтті.

🤝 Спорттық шараға Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, университетіміздің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов қатысты. Сонымен қатар университетіміздің студенттері мен оқытушылары, өңірдің белсенді азаматтары, спорт жанашырлары қатысып, отандық спортшыларға қолдау көрсетті.

Жарыс барысында көрермендер ұлттық құрамамызға жанкүйер болып, спортшыларға ерекше қолдау көрсетті. Мұндай кездесулер пара спорттың дамуына ықпал етіп, спортшылардың халықаралық аренадағы тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.

👏 Университет ұжымы Қазақстан құрамасына алдағы жарыстарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейді!