Media Image

20 мамыр 2025

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2025

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жас маман – 2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Бітіруші түлектерге еңбек нарығына сәтті енуге жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Атырау университетінің бітіруші түлектері белсене қатысты.
Ауқымды шараға 120-дан астам мекеме қатысып, жас мамандарға жұмысқа орналасу және тәжірибе жинақтау бағытында нақты ұсыныстарын білдірді. Жәрмеңкеде білім беру, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану, химия, журналистика, экономика, құқық және бизнес сынды салалар қамтылды.
Жиын барысында қатысушылар өз мамандықтары бойынша жұмыс ұсынатын компаниялармен тікелей тілдесуге мүмкіндік алса, жұмыс берушілер нақты бос орындар бойынша ұсыныстарын айтып, студенттердің түйіндемелерімен танысты.
Университет базасында өткен жәрмеңке жас түлектер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, жұмыс берушілерге болашақ білікті кадрлармен ерте танысу алаңы болды.