Медиа ресурстар
Атыраудағы екі университетке биыл 4 221 білім алушы қабылданды
БАҚ біз туралы

Атыраудағы екі университетке биыл 4 221 білім алушы қабылданды

Атыраудағы екі университетке биыл 4 221 білім алушы қабылданды

Атырауда жаңа оқу жылында жоғары білім алушылардың қатары артты. 2026–2027 оқу жылында өңірдегі екі ірі университетке 4 221 студент қабылданды. Олардың ішінде студенттер, магистранттар және доктторанттар бар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне биыл білім берудің барлық деңгейі бойынша 2 783 білім алушы қабылданды. Оның 2 473-і бакалавриатта білім алады.

Олардың 316-сы мемлекеттік білім беру грантына, 39-ы Атырау облысы әкімдігі бөлген өңірге қажетті мамандықтар бойынша грантқа ие болды. Магистратураға 267 білім алушы қабылданып, оның 90-ы мемлекеттік грант негізінде оқиды. Ал университет тарихында алғаш рет 43 докторант қабылданды.

Оқу ордасына шетелдік азаматтардың қызығушылығы да артып келеді. Биыл университетке алғаш рет 90-ға жуық шетелдік азамат қабылданды. Қазір университет әлемнің 80-ге жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне 1-курсқа 1 438 студент қабылданды. Оның 162-сі мемлекеттік білім беру грантының иегері.

Магистратураға 154 білім алушы қабылданып, оның 85-і мемлекеттік грантпен оқуға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, облыс әкімдігі ұйымдастырған грант конкурсы арқылы 14 талапкер жергілікті грантқа ие болды. «Матенпетролеум» АҚ тағы 5 талапкерге өндірістік грант тағайындады.

Сонымен қатар Ресейдің М.И.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ университетінің Атырау қаласындағы филиалына 100 грант иегері қабылданды.

Осылайша, өңірдегі жоғары оқу орындарында білім алушылар саны артып, талапкерлерге мемлекеттік, жергілікті және өндірістік гранттар арқылы жоғары білім алуға қосымша мүмкіндік берілді.