📚 ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚОРЫ ЖАҢА КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Ғылыми кітапханасының қорына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы келіп түсті.
📖 Басылымға Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдары айтқан таңдаулы ой-тұжырымдары мен қанатты сөздері енгізілген. Кітап 1994 жылғы архивтік материалдардан бастап, Мемлекет басшысының кейінгі жылдардағы сөйлеген сөздеріне дейінгі отыз жылдан астам кезеңді қамтиды.
Жинақта Президенттің Қазақстандағы және беделді халықаралық алаңдардағы негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған.
Кітап Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру, қоғамды дамыту, әділеттілік, заңдылық, жауапкершілік және ұлттық бірлік мәселелеріне қатысты көзқарастарының қалыптасуы мен сабақтастығын танып-білуге мүмкіндік береді.
📚 Кітапты университеттің Ғылыми кітапханасынан оқып, мазмұнымен танысуға болады.