Медиа ресурстар
АТЫРАУДА ПЕДАГОГ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ПЕДАГОГ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Атырауда педагогтердің дәстүрлі тамызконференциясы өтті. Алқалы жиынға облыс әкіміБолат Ақшолақов, Ғылым және жоғары білімминистрлігінің комитет төрағасы Әділет Тойбаев, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов және өңір педагогтері қатысты.

Атырау өңірінде педагог кадрларға дегенқажеттілік жыл санап артып келеді. «Алдағы бес жылда Атырау облысының өзіне 3 595 ұстазқажет болады. Одан бөлек, облыстың арнайыпедагогтерге деген сұранысы 126 адамдықұрайды. Бұл бағытта Халел Досмұхамедұлыатындағы Атырау университеті арнайымамандар даярлау бағдарламаларын күшейтіп, өңір мектептерінің сұранысын толық өтеугебаса назар аударуы тиіс», – деді конференциядаҒылым және жоғары білім саласындағы сапанықамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев. 

Сондай-ақ, комитет төрағасы өңірдегі педагог кадрлар мәселесін шешуде Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің бірқатар жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Соның бірі – университет базасында 2021 жылдан бері жұмыс істейтін ер балаларға арналған «Ұстаз» мектебі. Баяндамашы аталған жобаның нәтижелі жұмысына тоқталып, педагогтарды даярлаудағы жаңашылыққа ризашылығын білдірді. 

Сонымен қатар, университет 2022 жылдан бастап болашақ педагогтердің академиялық дайындығын мектептің нақты қажеттіліктерімен байланыстыратын тәлімгерлік жүйесін дамытып келеді. 2022–2026 жылдары аталған жүйеден 301 студент өткен. Баяндамада үш кезеңнен тұратын жобаға серіктес ұйымдарды тартып, 10-нан астам білім беру курсы арқылы университет пен мектеп арасындағы өзара ықпалдастықтың тұрақты механизмін қалыптастырғаны айтылды. 

Бұдан бөлек, баяндамада педагогтерді даярлау сапасын арттыру мақсатында университеттің материалдық-техникалық базасының жаңғыртылғаны айтылды. 2024–2025 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Атырау университеті физика, химия және биология пәндері бойынша үш заманауи кабинетпен және бір инклюзивті білім беру кабинетімен жабдықталды. Бұл болашақ мұғалімдердің практикалық дайындығын күшейтіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Конференция өңірдегі педагог тапшылығын азайту, арнайы педагогтер даярлауды күшейту, мектеп пен университет ықпалдастығын дамыту, педагогикалық білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттерін арттыру мәселесі қарастырылды. 

Өңірдегі педагог кадрларға деген қажеттілікті қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру бағытында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті облыстық білім басқармасымен және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра береді.