"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры және "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекенжайы: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 1-ғимарат.
Негізгі қызмет түрі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Байқауға келесі тұлғалар жіберілмейді:
Жасы жиырма беске толмаған;
Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
Соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
Арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
Белгіленген үлгідегі өтініш;
Конкурқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3х4 үлгідегі түрлі түсті сүретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
Жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;
Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларын салыстырып тексеру үшін көшірмелеріне қоса түпнұсқаларын ұсыну:
- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иеленуші, сондай - ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострофикациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;
- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі"
- өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясында жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
Жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген № 075/у (бұрынғы 086/у) нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейн бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейн бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама
10. Қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат
Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысына мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 1 ғимарат, 4 корпус 217 кабинет, телефон: 8 (7122)27-63-05, 87015633888. Элек.пошта: Yerdeshova.zh81@gmail.com.