
16 мамыр 2025
Атырау университетінің студенті Қаржы қауіпсіздігі бойынша Ұлттық олимпиаданың үшінші кезеңіне жолдама алды
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясының ұйымдастыруымен Қаржы қауіпсіздігі бойынша 2025 жылғы Ұлттық олимпиада өтуде. Аталған зияткерлік сайысқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің 2–3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары белсенді түрде қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Олимпиадаға келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қатысты:
• 6B04101 – Қаржы және аналитика
• 6B04104 – Есеп, аудит және бизнес-процестерді талдау
• 6B04201 – Құқықтану
• 6B04103 – Экономика және мемлекеттік басқару
• 6B04102 – Менеджмент
• 6B04105 – Маркетинг
Ұлттық олимпиада үш кезеңнен тұрады:
1. Онлайн тестілеу;
2. Агенттіктің аумақтық департаменттерінің алаңдарында офлайн форматта эссе жазу арқылы 40 финалисті іріктеу;
3. Астана қаласында фиджитал-спорт турнирі мен зияткерлік ойын форматында өтетін финалдық кезең.
Олимпиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша, «6B04103 – Экономика және мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Джумаш Данияр үздік нәтиже көрсетіп, Астана қаласында өтетін үшінші кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар, жоғары көрсеткіштерімен көзге түскен:
• Яшкова Ангелина – «6B04104 – Есеп, аудит және бизнес-процестерді талдау» бағдарламасының студенті;
• Самат Әсем – «6B04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті
ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Финалдық кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылғы 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Ресей Федерациясы, Красноярск қаласында орыс тілінде өтетін Қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Университет ұжымы атынан олимпиада қатысушыларын құттықтай отырып, финалға жолдама алған Даниярға және марапатталған студенттерге алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!