⚜️ 2026 жылғы 8 сәуірде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
⚜️ Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және Швециядан келген қатысушылар өз ғылыми зерттеулерін ұсынып, тәжірибе алмасып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтты 🤝
❇️ Әсіресе, Орыс филологиясы кафедрасының студенттері мен магистранттары «Филология ғылымдары» секциясында жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтижелер көрсетті. Олардың баяндамалары тіл, әдебиет және заманауи білім берудің өзекті мәселелеріне арналды 📚
✅ Біз студенттеріміз бен магистранттарымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың табысқа жетуіне қолдау көрсетіп, зор үлес қосқан ғылыми жетекшілерге алғысымызды білдіреміз! 👏
💐 Баршаңызға жаңа жеңістер, шабыт пен ғылыми жаңалықтар тілейміз! 🚀