2025 жылғы 27 қарашада Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Орыс филологиясы кафедрасы мен В.Н. Татищев атындағы Астрахань университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өтті.
Семинарға оқытушылар, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиетін оқыту үдерісіне лингвомәдениеттанымдық тәсілді кіріктірудің өзекті мәселелері, мәтіндермен жұмыс істеудің тиімді әдістері және білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту жолдары талқыланды.
Баяндамалармен В.Н. Татищев атындағы Астрахань университетінің оқытушылары, сондай-ақ кафедрамыздың оқытушылары А.Н. Карташова мен Н.Ж. Умурзакова, 2-курс магистранттары Г. Уразалиева, У.Б. Актананова және Д. Сагидоллина сөз сөйледі.
Семинар тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды, әдістемелік ұстанымдар мен оқытудың инновациялық тәжірибелерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды. Қатысушылар көтерілген мәселелердің өзектілігін, ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын және іс-шараның жағымды атмосферасын ерекше атап өтті.
Барлық әріптестерімізге белсенді қатысқандары және мазмұнды кәсіби диалог үшін алғысымызды білдіреміз!