6B01704 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» (оқыту тілі орыс емес мектептер) білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Жомарт Диас пен Маматулла Айзере 14 қыркүйек пен 20 қаңтар аралығында «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Артвин қаласындағы Артвин Чорух университетінде білім алды.
Оқу кезеңінде студенттер жаңа достар тауып, олармен бірге өңірдің түрлі мәдени және табиғи көрікті жерлерін аралады. Қала көлемі жағынан шағын болғанымен, Артвин өзінің әсем табиғатымен, көркем ландшафтарымен және таза ауасымен ерекше әсер қалдырды. Жергілікті тұрғындармен күнделікті қарым-қатынас жасау студенттердің түрік халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тереңірек танып-білуіне мүмкіндік берді.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берген университет басшылығына шынайы ризашылықтарын білдіреді. Бұл бағдарлама олардың білімдік және мәдени тәжірибесін байытып, халықаралық ортада жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне жол ашты.
Студенттердің пікірінше, мұндай жобалар дүниетанымды кеңейтуге, тәжірибе және білім алмасуға, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға, сондай-ақ халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға зор ықпал етеді