Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста 2025–2026 оқу жылының қорытындысы, академиялық бағыт, жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ ғылым мен инновация саласы бойынша атқарылған жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар Директорлар кеңесінің өзін-өзі бағалау нәтижелері, Басқарма, корпоративтік хатшы және Ішкі аудит қызметі басшысының қызметін бағалау мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, университеттің ұйымдастырушылық құрылымына және оқуға қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.