Медиа ресурстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТКІЗІЛДІ
Жаңалықтар

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТКІЗІЛДІ

Заманауи білім беру жүйесіндегі басты талаптардың бірі – педагог мамандардың кәсіби дамуы мен үздіксіз білім жетілдіруі. Осы мақсатта ұйымдастырылған педагогикалық қайта даярлау курсы өз мәресіне жетіп, курс тыңдаушылары қорытынды аттестациядан сәтті өтті.

Курс барысында тыңдаушылар заманауи білім беру технологияларын меңгеріп, педагогикалық қызметтің өзекті бағыттары бойынша білімдерін тереңдетті. Теориялық білім тәжірибемен ұштасып, қатысушылар кәсіби құзыреттіліктерін жаңа деңгейге көтере білді. Оқу үдерісі барысында болашақ педагогтер жаңартылған білім мазмұны, оқытудың инновациялық әдістері, цифрлық технологияларды пайдалану, критериалды бағалау және білім алушылармен тиімді жұмыс жасау бағыттары бойынша жан-жақты дайындықтан өтті.

Қорытынды аттестация кезінде тыңдаушылар өздерінің кәсіби даярлықтарын, педагогикалық шеберліктерін және алған білімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Аттестация нәтижесі курс тыңдаушыларының жауапкершілігі мен білім сапасының жоғары екендігін дәлелдеді.

2025-2026 оқу жылында педагогикалық қайта даярлау курсын төмендегі 13 білім беру бағдарламасы бойынша 82 тыңдаушы сәтті аяқтады:

🔹 6В01102 – Психология

🔹 6В01302 – Бастауыш білім

🔹 6В01405 – Көркем білім

🔹 6В01406 – Музыкалық білім

🔹 6В01511 – Биология

🔹 6В01513 – Информатика

🔹 6В01514 – Химия

🔹 6В01515 – Физика

🔹 6В01516 – География

🔹 6В01517 – Математика

🔹 6В01602 – Тарих және қоғамтану

🔹 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

🔹 6В01705 – Шетел тілдері

   Қорытынды аттестациядан сәтті өткен тыңдаушыларға тиісті сертификаттар табысталады. Бұл – олардың кәсіби дамуға ұмтылысының, педагогикалық қызметке деген жауапкершілігінің және білімге деген талпынысының айқын көрінісі.

Бүгінгі таңда білім беру саласында кәсіби жаңару мен бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда педагогикалық қайта даярлау курсы тыңдаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналып, олардың болашақ педагогикалық қызметіне сенімді қадам жасауына жол ашты.

Барлық тыңдаушыларды курсты сәтті аяқтауларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, биік белестер мен педагогикалық қызметте толағай жетістіктер тілейміз!