Медиа ресурстар
Атырау университеті шетелдік серіктестермен байланысын нығайтуда
Жаңалықтар

Атырау университеті шетелдік серіктестермен байланысын нығайтуда

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында маңызды кездесу өтті. Университет өкілдері Illinois Institute of Technology университетінің халықаралық бөлімінің қызметкері Снехал Пасадпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі жоғары оқу орны арасындағы әріптестікті нығайту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар бакалавриат студенттеріне арналған жазғы зерттеу бағдарламалары мен оқу аяқтағаннан кейін магистратурада білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Тараптар халықаралық білім беру кеңістігінде тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.