Медиа ресурстар
Қожа Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет” еңбегінің тәрбиелік мәні
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет” еңбегінің тәрбиелік мәні

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Көптілді білім беру факультеті, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 1 курс студенттеріне арналған «Қожа Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет” еңбегінің тәрбиелік мәні» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында Қожа Ахмет Ясауи мұрасындағы білім мен тәрбие, адамгершілік, жомарттық, имандылық құндылықтары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар «Диуани хикмет» еңбегінің жастар тәрбиесіндегі маңызы мен рухани құндылықтарды насихаттаудағы рөлі кеңінен талқыланды.

Студенттер ұлттық руханияттың тереңдігімен танысып, тағылымды ойлар мен құнды мәліметтер алды.