Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов Түркия Республикасынан «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген шетелдік ғалымдар мен студенттерді қабылдады.
Кездесу барысында ректор университеттің білім беру және ғылым саласындағы негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бағдарлама аясында Сухейла Демиркол Орак (PhD, Фырат университеті) және Перизат Ертаева (PhD, Нигде Өмер Халисдемир университеті) университетімізде өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Шетелдік ғалымдардың ғылыми бағыттары – тілдерді оқыту әдістемесі, сондай-ақ түркі тілдері мен әдебиеттерін зерттеу салаларын қамтиды.
Айта кетейік, «Орхун» бағдарламасы халықаралық академиялық байланыстарды нығайтып, білім мен тәжірибе алмасуға кең жол ашады.