2026 жылғы 29 сәуірде Менеджмент кафедрасында э.ғ.м., сеньор-лектор Абузьярова Ж.Р. 1-курс студенттеріне арналған «Микро-макроэкономика» пәні бойынша қонақ дәріс өткізді. Дәріске келесі білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты: 6В04101 – Экономика, 6В04102 – Саладағы менеджмент, 6В04103 – Экономика және мемлекеттік басқару, 6В04104 – Есеп, аудит және талдау, 6В04105 – Қаржы және аналитика, 6В04106 – Маркетинг, менеджмент, бизнес. Қонақ дәріс спикері ретінде «Home Credit Bank» АҚ Тікелей сатулар бөлімінің сарапшысы Зевадинова Антонина қатысты.
Кездесу барысында ол өзінің кәсіби тәжірибесімен, практикалық білімдерімен бөлісіп, банк саласындағы қызметтің ерекшеліктерін ашып көрсетті. Бұл студенттерге қаржы институттарының нақты қызметін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Дәріс қызықты әрі белсенді форматта өтті: студенттер баяндаманы үлкен ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырыпқа шынайы қызығушылық танытты.
Менеджмент кафедрасы алдағы уақытта да осындай тәжірибеге бағытталған дәрістерді тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.