Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамдарының өкілдері Махамбет ауданы Бейбарыс ауылы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы аясында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды заманауи мамандықтармен, еңбек нарығының талаптарымен және әрі қарай білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Кездесу барысында оқушылар түрлі білім беру бағыттары, сұранысқа ие мамандықтары туралы ақпарат алды.
Әсіресе, түлектердің жеке қызығушылықтары, қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып, саналы түрде мамандық таңдауына ерекше көңіл бөлінді.
Осындай іс-шаралар өмір жолын саналы түрде таңдауға қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және жастарға болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі.