Медиа ресурстар
Атырау университетінің ғылыми кітапхана қоры жаңа құнды басылыммен толықты
Жаңалықтар

Атырау университетінің ғылыми кітапхана қоры жаңа құнды басылыммен толықты

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ғылыми кітапхана қоры еліміздің білім беру саласына елеулі үлес қосып жүрген тұлғалардың еңбектерімен толықты. Жуырда кітапханаға Қазақстанның білім беру жүйесіндегі көрнекті реформатор, ұзақ жылдар бойы ұстаздық пен басқарушылық қызметті ұштастырып келе жатқан Күләш Ноғатайқызы Шамшидинованың «Үздік» атты еңбегі қабылданды.

Күләш Шамшидинова – қарапайым мұғалім қызметінен бастап, мектеп директоры, кейіннен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымына дейін көтерілген, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын он жылдан астам басқарған тәжірибелі білім саласының маманы. Оның еңбектері білім беру сапасын арттыруға, оқыту үдерісін жаңғыртуға және бала дамуына бағытталған.

«Үздік» кітабы – автордың көпжылдық тәжірибесіне негізделген, ата-ана, педагог және білім беру саласының мамандарына арналған