Медиа ресурстар
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді
Жаңалықтар

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

 

2026 жылғы 23 сәуірде Халел Досмұхамедұлв атындағы Атырау университеті өкілдері кәсіптік бағдар беру мақсатында Атырау қаласындағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты-ның 11-сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары, студенттік өмір ерекшеліктері, сондай-ақ кәсіби даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. 

Іс-шара аясында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау және білім беру траекториясын айқындау бойынша білікті мамандардан мазмұнды кеңестер алды.