Ұлттық кітап күні аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, университетіміздің Директорлар кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Мамраев ғылыми кітапхана ұжымын Ұлттық кітап күнімен құттықтады.
Кездесу барысында профессор кітапхана қорына өзінің жеке кітаптарын сыйға тартып, соның ішінде Зиманов энциклопедиясы мен А.С. Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбектерін ерекше атап өтті. Қазіргі цифрлық замандағы дәстүрлі кітап оқу мәдениетінің маңызына да тоқталды.
Бейбіт Баймағамбетұлы университетіміздегі ғылыми бағыттағы оң өзгерістерді де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, ПЦФ BR28713197 бағдарламасы аясында ашылған жаңа Робототехника және мехатроника зертханасының жұмысымен танысты. Бұл зертхана Каспий өңірінің экологиялық таза болашағы мен баламалы шешімдерді ғылыми ілгерілету жолындағы стратегиялық жобаның бір бөлігі болып табылады.